16:41, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Орал қаласында бес мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында өткен жылы еңбекпен қамту органдарына 6849 адам өтініш білдірсе, соның 5066-сы тұрақты жұмысқа орналасты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Сондай-ақ 1779 адам ? қоғамдық жұмысқа, 307-сі - әлеуметтік орындарға, 556-сы кәсіптік оқуға жіберілді. Бір жылда 3710 жаңа жұмыс орны ашылды. Бір қызметкердің орташа жалақысы 48779 теңгеге жетіп, 2007 жылғыдан 16 пайызға өсті.
Өткен жылы жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға 11 млн. теңге бөлінсе, 233 шаңыраққа 10 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі, 1912 отбасыдағы 3641 балаға 32 млн. теңге жәрдемақы берілді. Сондай-ақ 5694 отбасыға 51 миллионнан астам теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді.