Орал қаласында білім беру саласына 4 миллиардтан астам теңге жұмсалмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда биыл білім беру саласына қалалық бюджеттен 4 млрд. 066 млн. 469 мың теңге жұмсалмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осының 2 млрд. 948 млн. 772 мыңы жалпы білім беретін мектептерді ұстауға кететін болса, 2 млрд. 761 млн. 082 мың теңге ағымдағы шығыстарды құрамақ. Орта мектептерді күрделі жөндеуге 128 млн. теңге бөлінсе, ағымдағы жөндеуге 62944 мың теңге берілді. Компьютер алуға ? 24 млн. 190 мың, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға ? 55 млн. 638 мың, интерактивті оқу жүйесін енгізуге 3 млн. 150 мың теңге бағытталып отыр.
Соңғы жаңалықтар