Орал қаласында биыл көп пәтерлі үш үй салып тапсыру жоспарланып отыр

ОРАЛ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында биыл көп пәтерлі үш үй салып тапсыру жоспарланып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 9-шы ықшам ауданда 75 пәтерлік бес қабатты екі үй және Сырым Датұлы атындағы көше бойында тоғыз қабатты 200 шағын отбасыға арналған жатақхана салынуда. Жаңа жатақханадан балалар үйлерінің түлектеріне де баспана берілмекші. Соңғы бірер жылда апатты үйлерде тұратын отбасыларға жанға жайлы пәтер беру мәселесі шешіле бастады. Өткен жылы осындай жеті үйдің тұрғындары көшірілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. Қазіргі уақытта қала аумағында апатты жағдайдағы 19 тұрғын үй бар. Бұларды жөндеуге бюджет есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктері қарастырылуда.
Соңғы жаңалықтар