09:38, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Орал қаласында болған орман өртінде жас әйел зардап шекті - ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Орал қаласы Орал өзенінің бойындағы орманды желектің жануы салдарынан 26 жастағы әйел күйік жарақаттарын алды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
ТЖМ-ның таратқан хабарына сәйкес, қыркүйектің 21-і күні сағат 14.05-те Старица Набережной көшесі бойынша Орал өзенінің айналасына отырғызылған орманды алқап өртенді. Тілсіз жау сол күні сағат 23.00-де ауыздықталды.
Жалынның шарпыған аумағы 50 гектарды құрады. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.