Орал қаласында дәрігерге уақытында қаралмаған әйел қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қаласы тұрғынының уақытында дәрігерге қаралмауы үш баласының анасыз қалуына себеп болды. Бұл жайлы Батыс Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов мәлім етті, деп жазады «Уральская неделя».
None
None

«Егер олар (Өтепқалиевтер отбасы) уақытында жедел жәрдем шақырса, әйел аман қалар еді. Дәрігерлер тым кеш шақырылғандықтан, үш баланың анасы жан тәсілім етті», - дейді Жайдар Құрманов.

Оның айтуынша, отбасының ауру жұқтырушысы әйелдің өзі болған. Алайда, оның сальмонеллез вирусын қайдан жұқтырғаны белгісіз.

«Біз, балалардың айтуы бойынша, олар  азық-түлік сатып алған дүкендегі тартылған етке тексеру жүргіздік. Алайда, сатып алған етте сальмонеллез анықталмады. Жүргізген тексеріс Өтепқалиевтер отбасы сатып алған тартылған еттен басқасына жасалғанын айта кету керек», - деді облыстың қоғамдық денсаулық департаментінің басшысы.  

Соңғы жаңалықтар