16:51, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Орал қаласында діни құндылықтарды саяси экстремистік мүдделерге пайдалануға жол бермеу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілуде
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында діни құндылықтарды саяси экстремистік мүдделерге пайдалануға жол бермеу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осындай шараның бірі «Еуразия» академиясына қарасты «Еуразия» институтында ұйымдастырылды. Институттың жастар ісі жөніндегі проректоры Светлана Құлмағамбетованың айтуынша, оған түрлі мамандықтар бойынша білім алып жүрген 150-дей студент жиналып, алдымен теріс ағымдардың зияны туралы бейнефильм көрсетілді. Содан кейін облыстық әділет департаменті дін істері жөніндегі бөлім бастығы Надежда Голубир, Орал қаласының имамы Руслан Сұлтанов тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін айтып, студенттер сауалдарына жауап берді.
Қаладағы оқу орындарында, ал мешіттерде қасиетті жұма күні жастарға осылай дұрыс бағыт беру ісі тұрақты жүргізілуде.