21:02, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
Орал қаласында екі айға созылатын санитарлық тазалық жұмыстары басталды
ОРАЛ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қала аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі екі айлық өткізу туралы Орал қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес 10 сәуір-10 маусым аралығында аталмыш шара өткізіледі.

Жылдағыдай бір айлық емес, екі айлық барысында 14, 21, 28 сәуір және 5, 19 мамыр күндері жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылады. Бұған меншік түріне қарамастан, барлық кәсіпорын-ұйымдар, сондай-ақ қала тұрғындары өз үлесін қосуы тиіс. Шара кезінде санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар ағаш отырғызу да жүргізіледі. Сенбіліктерге шамамен 30 мыңға дейін адам қатысады деп жоспарлануда. Барлық жұмысты арнайы құрылған штаб үйлестіріп отыратын болады.