Орал қаласында газ желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

ОРАЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы М.Шолохов көшесінде магистральды газ құбырында орын алған апаттың салдарынан шаһардың біраз бөлігі, атап айтқанда, Мичурин, «Самал», 1-інші және 2-інші Жұмысшы кенті, 4 және 6-шағынаудандардан жөндеу зауыты, ет комбинаты ауданына дейін газсыз қалды.
None
None

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы директорының орынбасары Әлібек Хафизовтың айтуынша, газшылар түні бойы дерлік жұмыс жасады. Қазір де қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін тұрғын үйлерге газ берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар