12:14, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Орал қаласында Халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар өтуде
ОРАЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында кеше Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс пен концерт болды.

Онда Орал қаласының әкімі Болат Шәкімов шаһар әйелдерін, аруларды көктем мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Бұрын Орал қаласы әкімдігінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан алты ардагерге алғысхаттар табыс етілді. Жиын соңы аталмыш мәдениет сарайы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
Сондай-ақ Орал қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Светлана Батырханова мен қалалық мәслихат хатшысы Абат Шыныбеков мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды құттықтап, құрмет көрсетті.
Бүгін қалада Қазақстан Азаматтық альянсы жергілікті филиалының ұйымдастыруымен «Әйелдерге гүл сыйлайық» атты шара ұйымдастырылды.