Орал қаласында карантинге жабылған 54 мектеп қалыпты жұмысына кірісті - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат - Жіті тыныс жолдары вирусты инфекцияның өршуіне байланысты Орал қаласында карантинге жабылған 54 мектеп қайта жұмыс істей бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының орта білім беру мектептерінің оқушылары арасында жіті тыныс жолдары вирусты жұқпаның  өршуіне байланысты, қалалық білім департаменті өткен қараша айының 30-ынан үстіміздегі желтоқсанның 4-іне дейін 54 мектепті карантинге жапқан болатын.

 Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан мәліметіне сәйкес, бүгіннен бастап барлық мектептер қалыпты жұмысына қайта кірісті. Облыстық және қалалық орта білім беру мекемелерінде оқыту үрдісі басталды.

Соңғы жаңалықтар