17:27, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Орал қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне баса көңіл бөлінбек
ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне барынша көңіл бөлінетін болады. Бұл туралы қаладағы учаскелік және мектеп инспекторларының жиналысында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, қала көшелерінің қауіпсіз болуы үшін нақты шаралар алынбақ. Алдағы уақытта ең үздік учаскелік инспекторға көлік берілмек және арнайы құрылған қор арқылы таңдаулы сақшыларға сыйлықтар табыс етілмек.
Сондай-ақ басқосуда қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне жастар, әсіресе, студенттерді кеңінен тарту, оларды да ынталандырып отыру қажеттігі сөз болды.