Орал қаласында қылмыс 13,6 пайызға азайды

ОРАЛ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында биылғы бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 13,6 пайызға азайды. Бұл туралы қала прокуратурасында өткен жиында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала прокуроры Амантай Рашқалиевтің сөзіне қарағанда, аса ауыр қылмыстар - 3,9, қасақана кісі өлтіру 47,3 пайызға қысқарды. Есесіне қылмысты мас немесе есірткіге еліткен күйінде жасаушылар 4,1 пайызға өссе, сондай-ақ топталып қылмысқа барушылар 246-дан 281-ге жетті. Экономика саласындағы қылмыс саны - 250, бұл өткен жылғыдан 20,1 пайызға артық.

Бюджет қаржысын негізсіз және тиімсіз жұмсаушылар азаймай отыр. Мысалы, «ОралҚұрылысЖөндеуСервис» МКК директоры С.Нысанбаев көше жолын жөндеу жұмысы кезінде 29879461 теңгені мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасамай, «Айдана» ЖШС-ына аударып жіберген. Осындай сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін тағы тоғыз директор әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызметкерлер жалақысының уақтылы төленуі де прокуратура назарында. Бұл ретте 600-дей адамның конституциялық құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар