Орал қаласында он көшенің атауы өзгертілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында он көшеге өңірге танымал азаматтардың есімі берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық мәслихатының хатшысы Әнес Ізтелеуовтің айтуынша, Дарьинск көшесі - суретші Сәкен Ғұмаров, Макетная -  жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы, Садовая - ақын Сатыбалды Дауымов, Соболев - облыс аудандарын басқарған Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдәлиев, Крестьянская - өңірде басшылық қызметтер атқарған Рахметолла Егізбаев, Железнодорожная ұзақ жыл облыстық телерадиокомпанияға жетекшілік еткен Наурызғали Сыдықовтың есімімен аталатын болды. Сондай-ақ Крылатская көшесіне - Мәжікен Бутин, Алтайға - Шолақ Артығалиев, Лиманнаяға Қайша Миханова, Вальковаяға - Сәрсен Ақмұрзиннің есімдері берілді. Сонымен бірге «Жақсы ауыл» шағынауданындағы жаңа көшелер Аққозы батыр, Ахмет Дауылбаев есімдерін иеленді.

Соңғы жаңалықтар