20:18, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Орал қаласында Рождество мейрамы тойланбақ
ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында ертең Рождество мейрамы тойланбақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал және Атырау архиепископы Антонийдің айтуынша, бұл мерекеге қатысушылар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Олардың арасында жастар да аз емес. Ең бастысы, Қазақстанда дінаралық және ұлтаралық келісім сақталып отыр. Мұсылман, сондай-ақ православие діні де адамдарға жақсылық жасауға, қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға үндейді.