Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі өртенді

ОРАЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде өрт шықты.
None
None
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өрт сөндірушілер келіп үлгергенше отбасылық үлгісіндегі жатақхананың 204-бөлмесі отқа оранған. Өрт көршілес бөлмелерге ауысып, барлығы 50 метр аумақты қамтыған. Жатақханадан жиырма адам шығарылды. Зардап шеккен ешкім болған жоқ. Алдын ала жорамал бойынша өрт электр сымының тұйықталуынан шыққан. Басқа да жорамалдар тексерілуде. Аталмыш жатақханада балалар үйлерінен тәрбиеленіп шыққандар тұрады.
Соңғы жаңалықтар