Орал қаласында спорттық алаңдар жасақтау қолға алынды

ОРАЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларында спорттық және балдырғандардың ойын алаңдарын жасақтау қолға алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімінің орынбасары Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, Ресей астанасы - Мәскеуде жүргізіліп жатқан «Балалар алаңы ? 2008-2009» бағдарламасы үлгісінде Оралда біраз шаруа атқарылды. Қазірдің өзінде жеті алаң жасалды. Қыс маусымына сәйкес хоккей корттары қондырылып, мұз қатырылды. Болашақта 112 алаң жасақтау жоспарланып отыр. Хоккей корттары жазда волейбол, баскетбол, шағын футбол алаңдарына айналады. Сонымен бірге аулалар қоршалып, тегістеліп, балалардың алаңсыз ойнауына, жасынан спортпен айналысуына барлық жағдай жасалады.
Соңғы жаңалықтар