07:54, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Орал қаласында тағы бір адам есірткімен қолға түсті
ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері тағы бір есірткі қылмысын ашты.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл жолы қалаға қарасты Деркөл кентінің 28 жасар тұрғыны 1,36 грамм героинмен қолға түсті. Героин - есірткінің күшті түрі.
Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.