14:50, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
Орал қаласында тұңғыш рет офицерлер кеші өткізілді
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Отан қорғаушылар күніне орай Орал қаласындағы «Парк-Отель» мейрамханасында офицерлер балы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ішкі әскердің Батыс құрамасы мен Орал гарнизоны тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған салтанатты кешке аймақтағы әскери бөлімдер мен құрылымдардың өкілдері, ішкі және шекара әскерінің ардагерлері мен офицерлер шақырылды. Жиналғандарды облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, подполковник Рамазан Самалықов пен майор Марат Тәшімбетовке үш бөлмелі пәтерлердің кілтін табыс етті. Сондай-ақ бір топ офицер алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кеш облыс өнерпаздарының қатысуымен және офицер жұптарының әсем биімен айшықталды.