Орал қаласында «WestKazInvest 2013» халықаралық бизнес форумы өтуде

ОРАЛ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Орал қаласында бүгін жабық мұз айдыны сарайында «WestKazInvest 2013» халықаралық бизнес форумы өтуде.
None
None
Аталмыш форумға көршілес Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ресейдің Орынбор, Самара облыстарынан, Беларусь елінен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер, отандық және шетелдік компаниялар өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысуда. Форум аясында кәсіпорындар мен инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Оған сексеннен астам кәсіпорын қатысып, өз жаңалықтарын көрсетті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, аталмыш шара Елбасы тапсырмаларына сәйкес өңірлер арасындағы байланысты өрістету, өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Кедендік одақ аясында және ДСҰ-ға кіру қарсаңында өзара тиімді қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шарада Батыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бизнес құрылымдарының ынтымақтастығын кеңейту бағытында пікір, тәжірибе алмасылды. Инновациялық гранттар, машина жасау және металл өңдеу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, құрылыс материалдарын өндіру, көлік-логистикалық жүйесін құру және туризм тақырыбында алты секцияға бөлінген форум соңында инвестициялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар