Орал қаласында жаңа спорт залы ашылды

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мұнда «Конденсат» компаниясының қызметкерлері ғана емес, барша тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалмақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халықтың жаппай салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін, осы мақсатқа мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлінуде екенін үнемі айтып келеді. Өңір кәсіпкерлері мен ірі компаниялары Орал қаласының көркеюіне өз үлестерін қосуда. Аталмыш спорт ғимараты - соның айқын бір дәлелі. Өз қызметкерлеріне жан-жақты жағдай жасай отырып, халық игілігіне спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына арналған жаңа спорттық ғимарат тұрғызуы аталмыш кәсіпорынның әлеуметтік әріптестікке адалдығын аңғартады.
Салтанатты шарада түрлі спорттық ойын үлгілері көрсетіліп, би топтарының өнері тамашаланды.