Орал қаласында жаңажылдық мереке кеңінен тойланады

ОРАЛ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс орталығында жаңажылдық мереке кеңінен тойланады.
None
None

Қала әкімі баспасөз қызметінен Ибрагим Жүсіпқалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл Оралда жеті жерге шырша орнатылды. Олардың төртеуі Зачаган, Деркөл, Желаев, Круглоозерный кенттік округтерінде орналасса, үшеуі қаладағы орталық Абай алаңында, теміржол вокзалы мен «Орал» сауда орталығы алдында безендірілді. Осы жеті орындағы мерекелік бағдарлама отшашуға ұласпақ.

Мекеме-ұйымдар ғимараттары алдын жақсы безендіргені үшін және үздік ауланы анықтау мақсатында екі байқау жарияланып, ол жаңажылдық мерекеден кейін қорытындыланады.

Биыл қалада жаңажылдық мейрамды ұйымдастыруға 9 миллионнан астам теңге қаралды.

Соңғы жаңалықтар