Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан 56 жасар әйел адам қаза тапты

ОРАЛ. 5 қараша. ҚазАқпарат - 3 қараша күні кешкісін Орал қаласында Ружейников көшесімен келе жатқан белгісіз біреу автокөлігімен «Жаным» кафесі тұсында 56 жасар жаяу жүріншіні қағып кеткен.

Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан 56 жасар әйел адам қаза тапты
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш әйел оқиға орнында көз жұмса, жүргізуші бой тасалаған. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеті нәтижесінде «Фольксваген-гольф» автокөлігінің 31 жасар жүргізушісі ұсталды. Автокөлік айып тұрағына қойылып, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы қабылданды.