12:53, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Орал қаласында журналистер аллеясы ашылды
ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы Достық даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында журналистер аллеясы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Журналистика ардагері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріковтің айтуынша, қаланың қақ ортасынан қаламгерлер демалып, пікірлесетін орынның бой көтеруі - үлкен қуаныш. Қала әкімі Самиғолла Оразов журналистердің аллеяға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына арнап тақта орнатып, оған үздік жарияланымдарды іліп отыру туралы ұсынысы ескерілетінін жеткізді.