Орал қаласындағы көпірде бес автокөлік соқтығысып, кептеліс болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жол-көлік оқиғасы шамамен бүгін сағат 08.00-де Әбілқайыр хан көшесі бойындағы Депо көпірі ауданында болды.
«Екі Lada Priora, Mersedes, Renault Duster және Kia автокөлігі соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Сол маңда бір сағаттай көлік кептелісі болды», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталмыш оқиға салдарынан ауруханаға ешкімнің түспегенін жеткізді.
Жалпы, 1 қарашадан бастап өңірде қар жауып, ауа райы қолайсыз болып тұр.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 3 қараша күні облыста жел күшейіп, бұрқасын көтерілетіні, сондай-ақ көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жарияланды.
Осыған орай БҚО полиция департаменті жолда абай болу қажеттігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда екі автокөліктің соқтығысып, 5 адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.