09:50, 26 Қараша 2011 | GMT +5
Орал қаласындағы тұрғын үйден қос қарияның мүрдесі табылды
ОРАЛ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда 25 қараша күні Чуйков көшесі 72-үйден ерлі-зайыпты екі зейнеткердің мүрдесі табылды.

Оқиға орнында ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменті және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы өкілдері болып, анықтау жұмыстарын жүргізді. Әзірге түрлі жорамалдар айтылуда. Қариялар жоғары температура жағдайында оттегі жетіспеушілігінен оянбай қалуы ықтимал. Сол секілді газ исінен улануы мүмкін.
Оқиғаның анық-қанығы сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.