Орал қаласындағы Зачаган кентінде жаңа бақ пайда болмақ

Сенбілікке Орал қаласы әкімдігінің аппараты мен әкімдіктің бөлім қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары - жалпы саны екі жүздей адам қатысып, 2 мың дана үйеңкі, 100 акция ағашының көшеті отырғызылды.
Болашақта саябаққа айналатын бұл алаңқайға көшеттер жоспарлы сызба бойынша егілді. Арнайы мамандар көшеттердің орнын алдын ала қаз қатар қып қазып әзірлеп қойған. Топыраққа тал тігілмес бұрын тамырына тыңайтқыштар салынды. Көп салалы жол пайдалану мемлекеттік кәсіпорнының төрт суару техникасы жұмылдырылды. Аталмыш кәсіпорын директорының көгалдандыру бойынша орынбасары Лұқпан Өтебалиевтың айтуынша, Орал қаласы бойынша биылғы күздің өзінде 3 мың түптен артық көшет отырғызылмақ. Шаһардың саябақтары мен көшелеріне егілген сәндік өсімдіктер, аққайың мен жыңғылға көп салалы жол пайдалану мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері күтім жасайды. Ал өткен жылы қала бойынша 80 мыңдай ағаш отырғызылған болатын.