Орал қаласының әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтады

ОРАЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Оралдағы Салтанат сарайында мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өткізілді.
None
None

Шараға 200 бала қатысты. Балдырғандар мен олардың ата-аналарын Жаңа жыл мерекесімен қала әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, шырша шамын жақты. Балалар мен ертегі кейіпкерлері шыршаны айналып, ән салды. Аяз ата мен Қарша ханым қатысушыларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға сондай-ақ қала басшысы атынан тәтті дастархан жайылды.

Соңғы жаңалықтар