10:34, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Орал қаласының әкімі дарынды балалармен кездесті
ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов дарынды шәкірттермен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуге республикалық, облыстық олимпиаданың жүлдегерлері, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысты.
Қала басшысы Елбасының білім мен ғылымға ерекше мән беріп отырғанын атап өтіп, алдағы басты мақсат - заман талабына сай мамандық таңдап, ҰБТ сынақтарын сәтті тапсыру керектігіне тоқталды.Оралдағы №6 орта мектеп оқушысы, республикалық жас музыканттар ХХХХІІІ байқауының жүлдегері Нұрәлем Қажетеров Құрманғазының «Адайын» нақышына келтіре орындаса, №22 орта мектеп шәкірті Дәурен Шамұратов өз өлеңін оқып берді. №9 орта мектептен келген Наталья Щетинина өз туындысын сыйға тартты. Басқа да шәкірттер ыстық лебіздерін білдіріп, білім мен өнерде, спортта алда болатындықтарын айтты.