11:21, 20 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Орал қаласының әкімі үшінші топтағы мүгедектер отбасына жаңа пәтер кілтін табыс етті
ОРАЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов үшінші топтағы мүгедектер Аманжол мен Жанар Қаберовтерге жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Аманжол Қаберов 1979 жылы 17 желтоқсан күні мүгедектер отбасында дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де есту және сөйлеу қабілетінен айрылған, қазір екеуі де өмірде жоқ. Көзі нашар көретін Аманжол 2008 жылы өзі сияқты есту және сөйлеу қабілеті төмен Жанармен шаңырақ көтерді. Осыдан бір жыл бұрын Иманжан, Аружан атты егіз сәбилері дүниеге келді.
Сөйтіп тәуелсіздік мерекесіне орай баспана қиындығын көріп жүрген жас отбасы үйлі болды