16:10, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Орал қаласының бірқатар ықшам аудандары жайсыз ауа райы салдарынан жарықсыз қалды
ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының бірқатар ықшам аудандарының тұрғындары жайсыз ауа райы салдарынан жарықсыз қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қаңтардың 3-і күні түнде Нұрпейісова, Ақтөбе, Қазталов көшелері, «Болашақ» балабақшасы, №31 мектеп ауданы, Зачаган ауылы тұрғындары үйлерінде жарық сөніп, электр желісі он сағат уақыттан кейін, кеше қалпына келтірілді.
Жаңбырдың соңы қарға ұласып, кеше күн қайта суытты. Қаңтардың 4-5-і күндері облыста түнде 20-25, күндіз 15-20 градусқа дейін күн суытатыны жөнінде департамент тарапынан тиісті орындарға жедел хабар берілді.