Орал қаласының полицейлері балық тиелген екі автокөлікті ұстады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласының полицейлері балық тиелген екі автокөлікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 27 сәуірге қараған түні Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесі бойында «Фольксваген Шаран» автокөлігі тоқтатылды.

1988 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан автокөліктің кузовынан тиісті құжаты жоқ 800 кг қаракөз балығы табылды.

Сол секілді «Сарытау» шағынауданы маңында Ақжайық ауданының 1995 жылғы тұрғыны жүргізген «Фольксваген Гольф 3» автокөлігін тексерген кезде одан да құжаты жоқ 500 кг қаракөз балығы шықты.

Аталған деректер бойынша Шаған полиция бөлімі ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар