19:15, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Орал қаласының Солтүстік-шығыс ауданынан бірнеше нысан бой көтермек
ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының Солтүстік-шығыс ауданынан бірнеше нысан бой көтермек.

Қала әкімі Самиғолла Оразовтың айтуынша, осы аудандағы Алаш көшесі бойынан 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ шағын аудандарда 280 және 320 орындық қос балабақша тұрғызылады. Сонымен бірге Солтүстік-шығыс шағын ауданында Қазақстанның тұңғыш Президенті атындағы 650 орындық инновациялық мектеп пен Неке сарайын салу жоспарланып отыр.