Орал қаласының тұрғыны 100 жасқа толды

ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының тұрғыны Рысқал Досқалиқызы қаңтардың 1-інде 100 жасқа толды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тайпақ өңірінде бұдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген Рысқал жастайынан жоқшылықта, жетімдіктің ащы дәмін татып өсті. Ері Жанқожа Ұлы Отан соғысынан оралмады. Енесі мен қызы Күләнді бағып-қаққан ол еңбектен қалған жоқ. Тіпті Астрахан маңында темір жол салуға да қатысты. Ресейдің Ростов облысына дейін мың жарым бас қойды жаяу айдап жеткізген күндер де өтті.

Қызы Күләннің өзі қазір 75 жаста. Рысқал әжей қызынан тараған тоғыз жиенінен 13 шөбере, 2 немене сүйіп отыр.

Соңғы жаңалықтар