02:18, 12 Наурыз 2022 | GMT +5
Орал мен Ресей шекарасын жалғайтын автожолда ұзын-сонар кептеліс пайда болды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ» автожолында кептеліс пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Оған сәйкес, 11 наурызда республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ» автожолының 103 және 104 шақырымында қар кептелісінде бір тәуліктен бері 15 жүк көлігі тұр, тамағы таусылған.
Тасқала ауданы орталығынан 55 шақырым қашықтықта. Қардың биіктігі 2 метрден асатындықтан «Қазавтожол» ЖШС қар жинау техникасы баяу қозғалып жатыр.
Тасқала ауданының жедел штабы Триколмен азық-түлік жеткізіп жүр.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.
Жедел желі нөмірі: 55-40-88