Орал өңіріне танымал мәдениет қайраткері алпыс жасқа толды

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал өңіріне танымал мәдениет қайраткері Феликс Баюканский алпыс жасқа толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орал педагогикалық институтын 1972 жылы бітіргеннен кейін еңбек жолын облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бастаған Ф.Баюканскийдің бар ғұмыры өлкенің мәдениетімен, өнерімен тығыз байланыста өтіп келеді. Ұзақ жыл қалалық мәдениет бөлімін басқарған ол кейін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директорының орынбасары ретінде де жемісті еңбек етті. Қазіргі кезде Жастар мәдениет үйінің директоры қызметін атқаратын Феликс Баюканский ? «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Бұдан бұрын да Орал қаласында мәдени орындардың салынып, ескерткіштердің бой көтеруіне үлес қосқан ол енді Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай мәдениет үйі алдынан демалыс алаңын жасап, ұлы әншінің мүсінін орнатпақ ниетте.
Соңғы жаңалықтар