02:12, 18 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Орал-Самара» тас жолында оқушылар мінген автобус жүк көлігіне соғылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні таңғы сағат 8-дер шамасында Орал-Самара күре жолының бойында мектеп оқушылары мінген автобус жүк көлігімен соқтығысып қалған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста Мичурин кентіне бара жатқан оқушылар болған. Алдын ала мәліметтер бойынша апат салдарынан бірнеше бала зардап шекті. Бұл мәліметті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері нақтылады. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол 20 оқушыны аталмыш кентке апара жатқан. Жүк көлігімен соқтығысқан соң оқиға орнынан ата-аналар келіп, өз балаларын бірден алып кеткен. Ал полиция қызметкерлері олардан оқушыларды емханаға апаруларын сұраған, деп хабарлайды «Уральская неделя».