«Орал трансформатор зауыты» өнімдерін ЕАЭО елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндіктері бар - Елбасы (ВИДЕО, ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-да болды.
None
None

Жаңа өндіріс орнына ат басын тіреген Елбасын зауыт құрылтайшысы Сайдолла Қожабаев қуатты трансформаторларды әзірлеу барысымен және дайын өнімдермен таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын, өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндіктері бар екенін атап көрсетті.

Елбасының атап өткеніндей, мемлекеттің қолдауы арқасында көптеген өндіріс орындары қайта түледі. Төрт жылда 700 зауыт іске қосылды. Биылғы жылдың өзінде 75 зауыт пайдалануға беріліп, 25 мың адамға жұмыс орны ашылады. Осының бәрі - ел бірлігінің арқасы. Алдағы уақытта да үлкен-үлкен зауыттар салынатын болады.

Кездесу барысында зауыт ұжымы атынан «Орал трансформатор зауыты» ЖШС басқарушы директоры Асқар Ажаев индустрияландыру барысы жөнінде хабардар етсе, зауыт ораушысы, орыс қызы Дания Князева қазақ тілінде елімізде сан ұлт өкілдері тізе қосып, еңбек етіп, тату-тәтті тұрып жатқанын атап өтті.

Зауыт жұмысшылары индустрияллық саясат іс жүзіне асырылып жатқанын айтты, мемлекеттің халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған күш-жігері, елдегі тұрақтылыққтың қамтамасыз етіліп отырғаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, индустрияландыру картасы аясында оралдық зауытта кернеуі 6-10 кВ қуатты трансформаторлар өндірісі жолға қойылды. Жоба құны - 3,1 млрд. теңге, оның 500 млн. теңгесі кәсіпорынның өз есебінен болса, 2,6 млрд. теңгесі - зайымдық қаржы. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған жобаның бастапқы кезеңінде 300 жаңа жұмыс орны ашылды. 17,3 млн. теңгеге газ тарту жұмыстары жүргізілді. Зауыт жылына 10 мың дана трансформатор шығара алады. Өндіріс қуаты электр техникалық өнімдерді молынан жөнелтуге мүмкіндік береді. Зауыт дайындайтын электр машиналарының 90 пайыздайы Ресейге экспортталады. Сөйтіп көрші елдің нарығына дендеп еніп, шекаралас аймақтардың сұранысын қанағаттандыруға әбден болады. Мұның өрісін кеңейтумен ресейлік компаниялардың дилерлік жүйесі айналысады. 2016-2017 жылдары зауыт толық қуатына көшкенде, өндіріс көлемі 100 млн. долларға жетпек.

Соңғы жаңалықтар