Орал вокзалының бұрынғы бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты 17 наурыз күні сотталушы Б.Күншығаровқа қатысты айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде мемлекеттік сот орындаушысының ұсынымын қарап, қанағаттандырды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот қаулысымен 14,8 млн. теңге көлеміндегі айыппұл салу жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеумен ауыстырылды. Сотталушыға айыппұлды төлеу жөнінде хабардар етілсе де, осы кезге дейін ешқандай нақты шара алмаған.

Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Орал қалалық сотының 2015 жылғы 12 тамыздағы үкімімен ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі 1, 3-тармақтары, 28-бабы 4-бөлімі - 367-бабы 3-бөлімі 1-тармағына сәйкес және ҚР ҚК 58-бабы 2-бөлімі қолданыла отырып, айыпты деп танылған Орал вокзалының бастығы Б.Күншығаров пен Ақтөбе вокзалы бастығының орынбасары И.Берниязованың әрқайсысына мүлкін тәркілеумен бірге параның 40 есе көлемінде, яғни 14,8 млн. теңгеден айыппұл салынған болатын. Сот талқысында анықталғанындай, Б.Күншығаров И.Берниязовамен алдын ала сөз байласып, А. деген жәбірленушіден «Вокзал-Қызмет» АҚ БҚО филиалына қызметке орналастырамын деп, 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара талап еткен. Кейін И.Берниязова делдалдар арқылы 370 мың теңгені алған.

Соңғы жаңалықтар