Оралда 1-4 сыныптар арасында сабақ тоқтатылды

ОРАЛ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 29 қаңтар күні таңертең 7.00-де температура тілі Оралда 30 градус аязды көрсетті.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, осыған байланысты мектептерде 1-4 сыныптар арасында сабақ тоқтатылды.

Батыс Қазақстанда кеше де күн суық болған еді. Өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар қолға алынуда.

Соңғы жаңалықтар