13:19, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Оралда 1118 отбасы «Жас отау» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірді
ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «Жас отау» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оралда 1118 құжат қабылданды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Арман Бисимбалиевтің айтуынша, аталмыш құжаттар екі апта бойы сұрыпталып, комиссия қарауына ұсынылатын болады.
«Жас отау» бағдарламасына сәйкес Орал қаласында әрқайсысы 90 пәтерлік төрт үй тұрғызылуда. Барлық пәтерлер бір және екі бөлмеден тұрады. Үйлер биылғы жазда пайдалануға берілмек. Комиссия пәтер иелерін балл жиынтығына сәйкес анықтайтын болады. Жоспар бойынша жас отбасылар үйдің құнын баспананы жалға алу ақысы ретінде ай сайын төлеп отырады.