Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

ОРАЛ. KAZINFORM —  ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Орал қаласында 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: БҚО әкімдігі

Оның 104 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағылар, көпбалалы жанұялар, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және өзге де санаттағы отбасыларға табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.

Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: БҚО әкімдігі

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Соның ішінде «Ақжайық» шағынауданының әлеуеті зор. Мұнда инженерлік желілерді тарттық, жол салдық. Орал қаласының орталығына қатынасты жеңілдету үшін көпір салуды қолға алдық. Келешекте 1500 орындық мектеп, балабақша, аурухана, спорт кешенін саламыз. Бұл — құр уәде емес, жүйелі жоспарға сай атқарылып жатқан нақты істер. Басты мақсат — халықтың өмір сүру сапасын арттыру, — деді аймақ басшысы.

Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін Мемлекеттік рәміздер күнімен де құттықтап, осындай игілікті шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттырып, сапалы білім алып, адал еңбек етуге қанаттандыратынына сенім білдірді.

Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: БҚО әкімдігі
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, Орал қаласында 27 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оларды баспанамен қамту бағытында биыл 1800 пәтерлік 20 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланды.