Оралда 332 үй иесіз болып қалып отыр

Аталмыш жиында аулалар мен кіреберістерді, үй аумақтарын таза ұстау, осыған қатысты өзекті мәселелерді шешуде тұрғындардың басын біріктіру қажеттігі атап көрсетілді. Бұл ретте қала басшысы жергілікті билік орындары, коммуналдық қызметтер тұрғындармен бірлесе отырып, жалпы тазалықты қамтамасыз ету керектігіне назар аударды. Жөнделіп жатқан үйлер мен аулаларды, салынған балалар және спорт алаңдарын сол қалпында ұстау - тұрғындардың да міндеті. Кездесуде жылу есептегіш құралдарын орнату, тұрмыстық қалдықтарды шығару, аумақтарды абаттандыру, кезкелген жерді сауда-саттық орнына айналдырмау мәселелері де көтерілді.
Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллин үй аулалары мен кіреберістерінде құқықбұзушылық көрсеткішінің өсе түскенін айтып, оның алдын алдын алу үшін бейнекамера орнату керектігін алға тартты. Сондай-ақ күзет бекеттерін орнату да қылмысты болдырмауға көмектесер еді.