19:57, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Оралда 370 млн. теңгеге 23 аула абаттандырылмақ
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында көп қабатты үйлердің аула аумақтарын абаттандыру жұмысы қызу жүргізілуде.

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының жетекшісі Ержан Әубәкіровтің сөзіне қарағанда, биыл 370 млн. теңгеге 23 ауланы абаттандыру жоспарланған. Сондай ауланың бірі - М.Ықсанов көшесі 72/1 үйдің ауласында «Ремстройбыт» ЖШС күшімен кіреберіс жолдар асфальтталуда. Басқа да жұмыстар жасалатын болады.
Жалпы, қалада 150-ден астам аула аумағы абаттандыруды қажет етеді.