Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға қаланың ортасындағы орталық мешіт маңында болды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін сағат 17.20-да департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақсай қаласының тұрғынынан ақша бопсалаған 23 жастағы жас жігітті қолға түсірді.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкердің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар