Оралда ақтөбелік суретшілердің көрмесі ашылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Ақтөбе облыстық өнер музейі мен осы өңір суретшілерінің музейі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Көршілес облыспен шығармашылық байланысты нығайту, қала тұрғындарын бейнелеу өнері, фотоөнер және қолөнер туындыларымен кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған көрменің ашылу рәсімінде БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов ақтөбелік қылқалам шеберлерінің қадамына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Ақтөбеден келген суретші, мүсіншілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Ақтөбе облыстық өнер музейінің директоры Марат Ғабдрахманов, Айдар Еспаев, Жеңіс Жұбанқосов ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиев те екі облыс арасында өнер саласындағы тиімді қарым-қатынастың өрістеуіне тілектес екендігін жеткізді.

Көрмеге ақтөбелік жиырма суретшінің кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер бағытындағы  елуден аса еңбегі қойылған. Онда Ақтөбе өңірінің елі мен жері, тарихы мен табиғаты, салт-дәстүрі, қарапайым еңбек адамдарының тыныс-тіршілігі көрініс тапқан.

Қадыр орталығының режиссері Сандуғаш Қайырғалиеваның айтуынша, көрме бір ай бойы тұрмақ. Өткен жылы орталық ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай барлық аудан суретшілерінің «Тәуелсіздікке тарту» көрмесін ұйымдастырып, желтоқсан айында қорытындылаған болатын. Биыл Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалымен бірлесе отырып, көршілес облыстармен байланыс орнатылуда. Ақтөбеден кейін атыраулық суретшілерге кезек келмек.

2

3

4

Соңғы жаңалықтар