Оралда ақын А.Нәріковтің «Таусылмайды өлеңдегі өрісім...» атты шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының залында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі Айтқали Нәріковтің «Таусылмайды өлеңдегі өрісім...» атты шығармашылық кеші өтті.
None
None

Ақынның 75 жасқа толуына орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған кеште мерейтой иесінің өлеңдері оқылып, жылы лебіздер айтылды.

Айтқали Нәріковті мерейлі жасымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, әдебиетші-ұстаз Серікқали Шарабасов, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлмира Қауланова, Тасқала аудандық мәслихатының хатшысы Сансызбай Рахимов және басқалар құттықтап, тарту-таралғыларын табыс етті.

Кеште Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мұрат Әмірханов ақын өлеңдеріне жерлес композиторлар жазған әндерді орындады.

Айта кетейік, Айтқали Нұрышқалиұлы 1940 жылы 20 маусымда Тасқала ауданының Киров ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Орал педагогикалық институтын бітіргеннен кейін жиырма жылдай уақыт бойы Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық газеттерінің редакцияларында қызмет атқарды. 1988-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша уәкілі, 1992 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы «Аққұс» қауымдастығы БҚО бөлімшесі басқармасының төрағасы, содан кейін облыстық теледидарда жұмыс істеді.

Айтқали Нәріковтің топтама өлеңдері алғаш рет 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деп аталған ұжымдық жинақта жарық көрген. «Көк майса» (1970), «Еркін есейіп келеді» (1975), «Тыныштықты тілеймін» (1980), «Еңбек зейнеті» (1985), «Самал» (1990), «Сағыныш» (2001), «Қырық жыл - қырық жыр» (2002), «Жайықтың жарық жұлдыздары» (2005), «Ойшылдың өскен ортасы» (2005), «Жанғали ақын» (2006), «Жылдар жаңғырығы» (2009), «Мен - майдангер ұлымын» (2010), «Елу жыл - елу жыр» (2010), «Ой мен Сой» (2012), «Үлкен үйдің иесі» (2015) атты кітаптардың авторы. Тасқала ауданының құрметті азаматы.

Соңғы жаңалықтар