Оралда «Ақжол» партиясының кезектен тыс Х съезіне делегаттар сайланды

ОРАЛ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «Ақжол» демократиялық партиясы облыстық есеп беру-сайлау конференциясы болып, онда партия съезіне делегаттар сайланды.
None
None

Конференцияда жыл қорытындылары жарияланып, алдағы мақсат-міндеттер белгіленді.

Филиал төрағасы Ниетқабыл Медресовтің атап өткеніндей, партия бағдарламасында тұрғындарды жұмыспен қамту өзекті мәселе болып қала бермек. Өкінішке қарай, өңірде жұмыс жасайтын шетелдік компаниялардың бүйрегі қазақстандық емес, өздерінің мамандарына бұрып тұрады. Жұмыссыздықты жеңу үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау да маңызды.

Партияның кезектен тыс съезі осы жексенбіде Алматы қаласында өтпек, оған өңірден бес делегат қатысады.

Қазіргі таңда облыста партияның 3500-ден астам мүшесі бар, тағы 24 адам кіру жөнінде тілек білдірген.

Соңғы жаңалықтар