Оралда алаяқтықпен азаматтардың 13,8 млн. теңгесін иемденіп кеткен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы қызметкері сегіз жылға сотталды

ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы қызметкері С.Шапековке қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
None
None

Аталмыш азамат 2007-2009 жылдар аралығында, алдау арқылы, мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмек көрсетемін деген желеумен, 16 азаматтың 13,8 млн. теңгесін иемденіп кеткен. Бұған қоса пәтерлердің Орал қаласы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалар арқылы берілетіндігін «түсіндіріп», азаматтарды пара беруге итермелеген.

Орал қалалық сотының үкімімен С.Шапеков ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы (алаяқтық), 28-312-бабы 4-бөлімі «б,в» тармағы (пара беруге айдап салу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Соңғы жаңалықтар