Оралда ардагер-журналиске құрмет көрсетілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 25-інде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев  ардагер-журналист Сағынғали Қабашевті қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазМУ-ды бітірген Сағынғали Қабашев 1964 жылы Оралда телестудия ашылысымен осында еңбек етіп, кейін журналистік жолын облыстық «Орал өңірі» газетінде жалғастырды.

Н.Ноғаев жетпіс жасқа толуына орай С.Қабашевті мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Сондай-ақ қабылдау кезінде өңірге танымал радио және тележурналистер Рашид Шақуға «Мәдениет қайраткері» белгісі, Лұқпан Елеуге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум