Оралда ардагер журналистерге құрмет көрсетілді

ОРАЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерін біріктіретін «Жайық Пресс» ЖШС ардагер журналистерге құрмет көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында өткен кездесуде кезінде облыстық «Орал өңірі» газетінің редакторы, облыстық партия комитетінің хатшысы болған, биыл Мәскеудегі мерекелік шараларға қатысатын Бисен Жұмағалиев, облыстық газетте қырық жыл еңбек еткен, Жеңіс күніне орай Киевте өтетін мейрамға арнайы шақырылған Қосаман Орынбасаров, сондай-ақ тыл еңбеккерлері Жүсіпкерей Нұртасов пен Ғилаж Наурзин естеліктерін айтып, сыр бөлісті.

«Жайық Пресс» ЖШС директоры Шыңғыс Мұқан ардагерлерге ізгі тілегін білдіріп, тарту-таралғы тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум